Алматы маңында тағы да жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7.

Алматы маңында тағы да жер сілкінісі болды
Ашық дереккөз

24 қыркүйекте «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жерасты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357-шақырымда, Қытай территроиясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7, MPV магнитудасы – 4.2, тереңдігі – 15 шақырым.