1270
Алматы полицейлері түкірген тұрғындардың түрін көрсетті
Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 1 миллион 770 мың теңге.
Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр. Қалада 15-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орынды ластаудың 234 дерегі тіркелген, олардың 103-іне айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық орынды ластағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша жазаланған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 770 мың теңге болды.
"Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4 902 адамға жалпы сомасы 84 миллион 559 мың 500 теңге айыппұл салынған", - деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.