Шавкат Рахмоновтың қарындасы көптен күткен жекпе-жегін өткізбейтін болды

Жарақаттың ауырлық деңгейі туралы әлі ештеңе айтылмады.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы көптен күткен жекпе-жегін өткізбейтін болды
Фото: YouTube

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонованың Dana White’s Contender Series үміткерлер турниріндегі алғашқы жекпе-жегі оның жарақатына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайты сілтеме жасап. 

Жарақаттың ауырлық деңгейі туралы әлі ештеңе айтылмады. 

Сора Рахмонова 26 қыркүйек Лас-Вегаста өтетін турнирде UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігі үшін литвалық Эрнеста Карецкайтемен жекпе-жек өткізуі керек еді.