Атырау тұрғыны 5 мың теңге пара бергені үшін айыппұл арқалады

Атырау тұрғынына 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды

Атырау тұрғыны 5 мың теңге пара бергені үшін айыппұл арқалады
ulysmedia.kz

Атырау тұрғыны тергеуішіге 5 мың теңге пара бергені үшін ірі мөлшерде айыппұл арқалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне төлем картасына заңсыз материалдық сыйақының түсу фактісі бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының тергеушісінің баянаты түсті.

«Атап айтқанда, азаматша ұлына қатысты істі жедел жүргізгені үшін 5000 теңге көлемінде сыйақы бергені анықталды», – делінген хабарламада.

Атырау тұрғынына заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін қысқартылған тәртіппен 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.