Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды

Астанада көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
unsplash.com
833

20 қыркүйек күні Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.
 

«Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпаратқа құлақ түруді сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу жұмыстары аяқталмайынша, өзге деректерді жария етуге болмайды», – делінген Астана қаласы ПД-нің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары