Алматы облысында әйел тазы итті көлігімен сүйреген (ВИДЕО)

Байсерке – Өтеген батыр тас жолында әйел адам тазы итті көлікке байлап сүйреген. Полицейлер көлік жүргізушіні анықтады.

Алматы облысында әйел тазы итті көлігімен сүйреген (ВИДЕО)
скриншот
1087

20 қыркүйек күні оқиға куәгерлері Байсерке ауылының маңындағы тас жолдан көлікке байланған итті видеоға түсіріп алған. Тазы иттің табанында әртүрлі жарақаттар мен қан байқалған. 

Облыстық полицияның мәліметінше, жүргізуші 69 жастағы әйел болған. Ол үйіне бара жатқанда  Байсерке ауылының жолында көлікті тоқтатқан иті бар жігітті байқап, жеткізіп салмақшы болғанын айтты. 

«Бұл жағдайда полиция қызметкерлері иттің 42 жастағы иесін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы «ҚР-ның заңнамасында жануарларға жауаптылықпен қарау саласындағы белгіленген ережелерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жауап берді облыстық Полиция департаменті.

 

Серіктес жаңалықтары