Жетісу облысында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Екі жасөспірім Шымкентте жүрген жерінен табылды

Жетісу облысында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды
kzaif.kz

Жетісу облысында жоғалып кеткен екі жасөспірім Шымкенттен табылды,  деп хабарлады turkystan.kz.

Жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі аптадан бері жүргізіліп жатқан еді.

6 қыркүйекте 15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуов Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз келіп түскен.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу жұмыстарынна туыстарымен қоса, полиция қызметкерлері де араласты. Сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер тобы қосылды.

«19 қыркүйекте жоғалып кеткен жасөспірімдердің орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен», – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.