iPhone индексі: жаңа iPhone 15 алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

2022 жылғы индекс 58,5 күн болған.

iPhone индексі: жаңа iPhone 15 алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?
turkystan.kz

13 қыркүйекте Apple өнімдерінің таныстырылымы өтті. Презентацияның басты жаңалығы жаңа iPhone 15 болды. Осы орайда, жыл сайынғы iPhone индексін есептеп көрдік. Индекс смартфонның (iPhone 15 Pro 128 GB) орташа бағасының орташа жалақыға қатынасы арқылы есептеледі.

Apple-дің белгілеген ресми бағасы бойынша, iPhone 15 – $899, iPhone 15 Plus – $999, iPhone 15 Pro Max – $1 099-1 299, iPhone 15 Pro Max (1 ТБ) $1 699-1 799 тұрады. 

Дегенмен, бұл – ресми баға. Біздегі баға бұдан бірнеше есе жоғары. iPhone 15 Pro 128 GB бағасы елімізде орта есеппен – 1 млн 280 мың теңге. Бұл баға қоғамда қызу талқыға түскенін атап өту керек, себебі санкция салынған Ресейдің өзінде смартфонның бағасы біздегіден әлдеқайда арзан.

Ұлттық статистика бюросының 9 тамыздағы мәліметіне сүйенсек, еліміздегі орташа жалақы – 365 мың 502 теңге, қолға тиетіні – 299 399 тг. Жаңа смартфон бағасын осы сомаға шаққанда, 89,7, дөңгелектегенде, 90 күн шығады. 

Яғни, жаңа iPhone 15 Pro 128 GB сатып алу үшін ештеңеге шығынданбай 90 күн жұмыс істеу керек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін iPhone индексі

2018 ж – 86 күн;
2019 ж – 76,5 күн;
2020 ж  – 74,6 күн;
2021 ж – 62,8 күн;
2022  ж – 58,5 күн болған.