Алматыда қатты жаңбыр: қала көшелерін су басып жатыр

Алматының коммуналдық кәсіпорындары ауа райына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматыда қатты жаңбыр: қала көшелерін су басып жатыр
Алматы әкімдігі
2042

Алматы қаласында 20 қыркүйек күні сағат 07:00-де басталған жаңбыр түске дейін жауады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 9 мм жауын-шашын болды, Каменск үстірті аймағында – 14 мм.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1750 қап құм жиналды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің дерегінше, Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі, 5 мекенжайындағы жеке сектор аумағын су басқан.

«Алматы Тазалық» МКК арықты құлаған бұтақтан тазартып, су тасқыны жойылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, бүгін түске дейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел 3-8, кейде екпіні 13 м/с, ауа температурасы +15 + 17°С.

Серіктес жаңалықтары