Нұржан Қалжан қанша гонорар алатынын айтты

Әнші Нұржан Қалжан тойға шыққаны үшін қанша гонорар алатынын айтты.

Нұржан Қалжан қанша гонорар алатынын айтты

Ол бұл жайлы «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сахнаға шықпай кеткен уақытта да мені қазағымыздың тойы, өнерді сүйетін тыңдарманы өлтірген жоқ. Он жыл сахнаға шықпай кетсем де, тек тойда жүріппін. Тойдан қалған жоқпын. Менің гонорарым Алматының ішінде қымбат емес. 150-200 мың теңге. Сол сомаға бір рет шығамыз. Үш немесе төрт ән айтылады. Ал той көңілді, жақсы өтіп жатса, 4-5 ән айтамыз», - деді өнер иесі.