2352
Тарихи жеңіске жеткен қазақ балуанына қатысты жаңа дерек жарияланды
Ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханың өмірінен қызықты дерек белгілі болды.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, 19 жастағы Ризабек Қазақстан ұлттық гвардиясында сарбаз екен.
«Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы алматылық 5571 бөлімінің сарбазы, қатардағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Қатардағы Ризабек Айтмұхан - Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы. Әскери борышын өтеуге биыл жазда Алматыдағы ұлттық гвардия сапына шақырылды», - деп хабарлады ІІМ.
Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.