Жетісу облысында екі баласын сатқан әйел ұсталды

Әйел екі баласын екі миллион теңгеге сатқан

Жетісу облысында екі баласын сатқан әйел ұсталды
informburo.kz

Жетісу облысында 23 жастағы келіншек екі баласын сатқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары бала саудасы үшін өңірдің 23 жастағы тұрғынын ұстады.

«Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факт 2023 жылдың тамыз айында болған, екі жағдайда да 1 млн теңгеге сатуға келіскен», - делінген хабарламада.

Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар саудасы) тіркелді.