1380
20 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты
20 жастағы қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.
Аталған салмақтағы финалдық белдесулер бүгін өтеді. Ақтық сында Ризабек әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдеседі.
Сондай-ақ бүгін кілемге шыққан Мейрамбек Қартбай қола медальға таласады. Ол жартылай финалда жапондық балуанға есе жіберіп, финалдан сырт қалды.