Алматы облысында жас жігітті соққыға жыққан 5 адам ұсталды

Істің негізгі қатысушылары УҰИ-ға қамаққа алынды.

Алматы облысында жас жігітті соққыға жыққан 5 адам ұсталды
Ашық дереккөз
1056

10 қыркүйекте сағат 02:30 шамасында Талғар қаласындағы жанармай құю станциясының бірінде белгісіз тұлғалар себепсіз 1999 жылғы азаматқа дене жарақатын салған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді.

«15 қыркүйекте жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД,  ҰҚКБ қызметкерлері 1998, 1999 және 2000 жылғы бес күдіктіні ұстады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған дерек бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары