Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны өз үйінде босанды

Салмағы 3 кг 200 грамм ер бала дүниеге келген.

Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны өз үйінде босанды
Ашық дереккөз

Маңғыстау облысында фельдшерлер әйелді үйінде босандырып алды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының 103 диспетчерлік пультіне 16 қыркүйек, сағат 11:01-де «Шұғыл босану» санатымен Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет мекенжайы бойынша шақырту түсті. Құрамында фельдшер Ж. Кукенова және А. Тасим бар бригада шақыртуға 11:13-те жетті. Әйелге медициналық көмек көрсетіп, 11:35-те үйінде босандырды», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Салмағы 3 кг 200 грамм ер бала дүниеге келген. Ана мен бала Маңғыстау облыстық периниталдық орталығына жеткізілді. Басқарма мәліметі бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы.