Алматыда әйелді екі баласымен қоса өлтірген күдікті ұсталды

Күдікті қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Алматыда әйелді екі баласымен қоса өлтірген күдікті ұсталды
Telegram/policeofkz
1754

Алматы облысында полиция әйелді балаларымен қоса өлтірген 41 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының 1982 жылғы тұрғынын анықтады.

Дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша тіркелді. Бүгінде барлық қажет сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысының ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Күдікті аудандық полиция бөліміндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, биыл 14 қыркүйекте кешкі сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. атты тұрғын мен оның 2 баласының денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Серіктес жаңалықтары