Министрлер мен әкімдерге қазақ тілін білу міндеттелуі мүмкін

Бұл мәселе 2024 жылғы жобада тұр.

Министрлер мен әкімдерге қазақ тілін білу міндеттелуі мүмкін
Ашық дереккөз
1642

Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жоғары лауазымды қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндеттелуі мүмкін. Егер бұл жөнінде Үкіметтің қаулысы шығатын болса, Мемлекеттік қызмет агенттігі Президент әкімшілігіне ұсыныс береді. Егер Президент әкімшілігі бұл ұсынысты қолдаған жағдайда мемлекеттік тілді білу міндеттеледі. "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына" сәйкес бұл мәселе 2024 жылғы жобада тұр", - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары