Қазақстандық блогер 2 миллион теңгеге пәтер жалдап тұратынын айтты
Блогер өз үйін сатып, пәтер жалдап тұрып жатқанын айтты.
Блогер Нұрдәулет Бектұрсын «Мархабат» бағдарламасында өз үйін сатып, 2 миллион теңгеге пәтер жалдап тұрып жатқанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
Ол қыруар ақшаға пәтер жалдауының себебін түсіндірді.
«Алдында 6 миллион теңге деп айттым, бірден үш айға төледім. Өз үйімді саттым. Негізі 2 миллионды жинап өзім сатқан үйді ғана ала аламын. Ал менің қазір тұрып жатқан үйім 500 мың доллар тұратын үй. Мен 500 мың доллар тұратын үйді сатып алғанша, ол ақшаны өзіме инвестицияға құяйын, көлік алайын, контент жасайын немесе бағдарлама түсірейін. Есесіне мен құны 250 миллион үйде тұрамын. Қазіргі пәтерім өзім шығармашылық адам болғандықтан өте кең», – дейді әлеуметтік желіде NNN лақап атымен танымал блогер.
Ол аяқ астынан тақырға отырып қалудан қорықпайтын болып шықты. Айтуынша, ең бастысы өзіңе сену керек.
«Мен өзіме сенемін, ары қарай жұмыс істей аламын. Өз жұмысымды, кәсібімді білемін. Сондықтан соған инвестиция жасадым», - дейді блогер.