Қолына пышақ ұстаған әйел Семей тұрғындарын қорқытқан

Әйелді полицейлер байқап қалған.

Қолына пышақ ұстаған әйел Семей тұрғындарын қорқытқан
Mir24.tv
2924

Семей қаласында қолына пышақ ұстаған әйел көшеде өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан, деп хабарлады turkystan.kz.

«Перинаталдық орталық» ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді екі полицей байқаған.
 

«Азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер 34 жастағы азаматшаны ұстап, оны полиция бөліміне жеткізген», – делінген Абай облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Серіктес жаңалықтары