19 млн теңге: Алимент төлемеген астаналық қамауға алынды

Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған азаматтар 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

19 млн теңге: Алимент төлемеген астаналық қамауға алынды
Фото: finance-sovetnik.ru
1092

Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Нұра аудандық прокуратурасы 2015 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген елорда тұрғынын анықтады. Қарыз сомасы 19 млн теңге болған.

«Аудан прокуратурасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер сотқа тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды», - деп жазылған елорда прокуратураcы хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған азаматтар 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

 

Серіктес жаңалықтары