Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайы белгілі болды

Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайы белгілі болды

Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі

Алматы облысында аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған оқушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған. Ведомство өкілдері қазір оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

«Мақсат – оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру», –  дейді басқарма өкілдері.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

«Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы іргесіндегі ауылдардың бірінде 4-сынып оқушысы басқа балалардың қысымынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жазған едік.