Сыныптастарынан зәбір көрген 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болған

Сыныптастарынан зәбір көрген 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болған

Сыныптастарынан зәбір көрген 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болған
ашық дереккөзі

Алматы іргесіндегі ауылдардың бірінде 4-сынып оқушысы басқа балалардың қысымынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға Алматы маңындағы ауылдың бірінде болған. Өзіне қол жұмсау әрекетінің егжей-тегжейі әлеуметтік желілерде жарияланды. Редакция этикалық себептерге байланысты ауыл атын және бала туралы ақпаратты жарияламайды.

«Сабақтан кейін үйге келген де хат қалдырып, бір қорап аспирин ішіп, «ұйықтамақ болып» жатып қалған. Бұл кезде анасы дәріханаға кеткен, бірақ ол жабық болады. Жамандықты сезіп, басқасына бармай, үйіне қайтып оралады. Сол кезде баласын ауыр жағдайда тапқан. Сосын жедел жәрдем шақырған. Қазір оның жағдайы жақсы. Мектеп әкімшілігі әйелді бұл туралы БАҚ-қа хабарламауға шақырған, бұл – ұят. Оқиғаны жасырмақ болған шығар. Анасының айтуынша, былтыр да кикілжің болған. Ол мектепке барғанда, баласын ренжіткендер оны ішінен теуіп жіберген. Ол кезде әйел жүкті болған. Осыдан кейін ол алтыншы айда босанған», - делінген хабарламада.
Әйел екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырғаны, ал отбасы жалдамалы пәтерде тұратыны айтылған. Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Кейін Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның басқа да жай-жапсарын ашты.
«11 қыркүйекте аудандық полицияға 1992 жылы туылған азаматша арызданып, 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының дәріден уланғаны туралы арызданған. Тексеру барысында бала үйінде отырып, 10 шақты таблетка ішкені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Ацетилсалицил қышқылы» болуы мүмкін», - деді Алматы облысының әкімі Бауыржан Әленов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.