Қазақстандық боксшы WBO Global титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы WBO Global титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы WBO Global титулын жеңіп алды
ашық дереккөзі
50348
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Әли Балоев (12-1-1, 8 КО) Қытайдың Ухань қаласында өткен кеште өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кештің басты жекпе-жегінде Ә.Балоев 43 жастағы француз Сирил Макиадимен (15-3-2, 6 КО) кездесті. Олар WBO Global-дың ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейін) белдігі үшін таласты. Айқас межеленген 10 раундтың соңына дейін жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен Балоевтың пайдасына аяқталды, есеп — 99:91, 100:90, 100:90. Осылайша, 30 жастағы Ә.Балоев кәсіпқой бокс мансабында 13-жеңісіне қол жеткізіп, ауыр дивизионда WBO Global титулына ие болды. Сирил Макиади төртінші рет рингте жығылып отыр.

Серіктес жаңалықтары