Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді (ВИДЕО)

Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді (ВИДЕО)

Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50729

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландиямен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ойын нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 27-минутында Максим Самородов есеп ашты.

Осылайша ұлттық құрама +3 ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестеде екінші орынға шықты. Енді қазан айында Дания (14 қазан) мен Финляндияда (17 қазан) маңызды екі ойын күтіп тұр.

Айта кетейік, Ұлттық құраманы қолдау үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин "Астана арена" стадионына барды.

Серіктес жаңалықтары