Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінің жеңімпазы атанды

/
Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінің жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінің жеңімпазы атанды Қазақстандық боксшы Мадина Нұрашева Польшада өткен Silesian Open-2023 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 70 келіге дейінгі салмақ санатындағы М.Нұрашева ақтық кездесуде польшалық Патрисия Гживиньскамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен мерзімінен бұрын аяқталды. Осылайша Мадина Нұрашева Silesian Open-2023 турнирінің алтын медалін жеңіп алды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары