50595
Атыраулық азамат 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқан
Атыраулық азамат 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқан
Атыраулық азаматтың 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы мамандары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде.
“2023 жылдың қыркүйек айында осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотына жолдануда” деп жазды ведомстводан.Сонымен қатар алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылады.