Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты

Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты

Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты
ашық дереккөзі
50570
Өткен түні Мароккода болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1305 адамға жетті. Тағы 1832 адам зардап шекті, олардың 1220-сы аса ауыр халде жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Елдің Ішкі істер министрлігі жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, жер сілкінісі ошағына жақын орналасқан Марракештің оңтүстігіндегі Эль-Хаузда 694 адам көз жұмды, одан кейін Тарудант (347 адам мерт болды), Чичауа (191), Уарзазат (39), Марракеш (14), Азилал (11), Агадир (5), Касабланка (3), Аль-Юсуфия (1) және Тингуир (1). Марокко королі Мұхаммед VI көптеген адамның қазасына байланысты елде үш күндік қаралы күн жариялады.

Серіктес жаңалықтары