Бүгін  – Отбасы күні

Бүгін  – Отбасы күні

Бүгін  – Отбасы күні
ашық дереккөзі
53637

Бүгін елімізде Отбасы күні аталып өтілуде. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бастап тойланады.

Мемлекет бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр.

Қазақстанда Отбасы күні ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтедi. Биыл бұл дата 10 қыркүйекке сәйкес келді.

"Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады", – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары