ҚР Сыртқы істер министрлігі Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Соңғы мәліметке қарағанда, Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 820-ға жетті.
АҚШ геологиялық зерттеу қызметінің мәліметінше, дүмпу ошағы Марракеш қаласынан 70 шақырымдай жерде анықталды. Ондаған ғимарат қирап, жүздеген тұрғын жараланған.