50530
10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 10 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр күтіледі. Тек елдің шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте тұман түседі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.