5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді

5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді

5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
50424
ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Биыл 1 қыркүйектен 28 желтоқсанға дейін Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18 бен 27 жас аралығындағы мерзімді қызметті кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға жатпайтын он тоғыз мыңның үстінде сарбазбен толығады», – деп жоспардағы сан жайлы айтып өтті генерал-майор Бауыржан Артықов.
Ол бұдан басқа Мемлекет басшысының мерзімді әскери қызметтің беделін нығайту, тартымдылығын арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған шараларға да тоқталды.
«Мерзімді қызмет сарбаздарына кредиттік демалыс беру шаралары іске асырылып жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгінде 1,4 млрд теңге сомасына 8 800 қарыз және микрокредит бойынша 5 мыңнан аса сарбаздың несиелік төлемдері кейінге қалдырылған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары