Астанада ер адам дәмхана маңында оқ жаудырды

Астанада ер адам дәмхана маңында оқ жаудырды

Астанада ер адам дәмхана маңында оқ жаудырды
ашық дереккөзі
50448
Астанада ер адам дәмхана маңындағы жанжалдан кейін оқ атқан, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Астана полицейлері елордадағы дәмхананың маңында жанжал кезінде газ тапаншасын қолданған 31 жастағы ер адамды ұстады. Тапаншаның 45 RUBBER калибрлі MP-80-13T моделі екені анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз қару алып жүру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жедел алдын алу шарасы барысында тағы бір елордалық 38 жастағы тұрғынға тиесілі «ВАЗ-2115» автокөлігінің салонынан полиэтилен пакеттерге оралған «Мефедрон» есірткі затының ірі партиясы табылды. Ол жерден 435 дана есірткі тәркіленді. Есірткі сатуға қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандардың екеуі де Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптамалар мен қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары