Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
50465
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады turkystan.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Тараптар, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.

Серіктес жаңалықтары