«Эхинококк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни, ота тіліксіз жасалынды. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты
Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр эхинококк құртын алды, деп хабарлады turkystan.kz аймақтық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Жасөспірім 21 тамызда ауыр халде түскен. Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы қабылдау бөліміне әкелген.
Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.