ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.