Жетісу облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам мерт болды
ашық дереккөзі
50223
Жетісу облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz. Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 203-шақырымында, Көксу ауданында болған. Volkswagen Passat маркілі көлігін басқарып келе жатқан 41 жастағы азамат ұйықтап кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған. Соның салдарынан жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
«Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты болған. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін сақтаңыздар, жылдамдықты шектен  тыс асырмаңыздар. Егер Сіз ұзақ сапарға шықсаңыз, сапар алдында жақсылап демалыңыз. Көлікті жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз», - делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары