Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шықты

Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шықты

Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шықты
ашық дереккөзі
50258
Алматыдағы «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді, деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша, 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.
«Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.

Серіктес жаңалықтары