50697
Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды
Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды
Павлодар қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңір әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізген. Оның қорытындысы бойынша, қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді мәлімдеді.
Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.