Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
ашық дереккөзі
50382

Елімізде өткен аптада бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп жазды turkystan.kz.

14 тамыз күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Сол күні Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды.

Апта басында Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

15 тамызда Ернат Бердіғұлов ҚазМұнайГаз директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

15 тамыздан Нұрбол Жаңабеков Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментін басқарады.

Министрлік мәліметінше, Нұрбол Мейрамұлы 1987 жылы дүниеге келген.

Апта ортасында Арман Манғитов «Jusan bank» басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Банктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, Арман Манғитов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін жаратылыстану ғылымдарының бакалавры (қолданбалы математика) дәрежесімен және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) экономика ғылымдарының магистрі дәрежесімен бітірген, мамандығы – «Қаржылық талдау».

17 тамызда Әсет Қанағатов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қанағатов Әсет Серікұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын Алматы облысындағы «Автотехқызметкөрсету» ЖШС-нің экономист-бухгалтері болып бастады.

17 тамыз күні Айдарбек Қожаназаров «Көкпар» федерациясының құрметті президенті болып сайланды.

Астанада республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиында республикалық «Көкпар» федерациясының құрметті президенті таныстырылды. Федерацияның құрметті президенті болып танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров сайланды.

Серіктес жаңалықтары