50280
Әлімханұлы жеңіліп көрмеген чемпионмен 2 титул үшін айқасады
Әлімханұлы жеңіліп көрмеген чемпионмен 2 титул үшін айқасады
Орта дивизионда WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) екінші белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлады turkystan.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, Ж.Әлімханұлы IBF белбеуіне ие Германия боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) рингке шығады. 14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды.
Рингке кейінгі рет 1 шілдеде шығып, төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңіп, Г.Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленген В.Гуальтьери бұған дейін Германиядан тыс басқа елдердің рингтерінде бокстасып көрмеген екен.