Жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

Жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

Жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?
ашық дереккөзі
50293
Алматы полициясы жолдың жүріс бөлігіне түкіретін "түйе" жүргізушілердің қандай бап бойынша жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жолда жасалғандықтан, олар ҚР Әкімшілік кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзу" бойынша жазаланады деп түсіндірді. Бұл бап бір реттік ескерту немесе үш АЕК мөлшерінде 10 350 теңге айыппұл салуды көздейді. Биыл 1 АЕК 3450 теңгеге тең.
"Бұл норма ЖҚЕ желісі бойынша қолданылады (Көліктегі әкімшілік заңбұзушылықтар). Құқықбұзушы көліктен қоқыс тастаса немесе түкіргенде - Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 620-бабы. Егер құқықбұзушы саябақта түкіріп немесе қақыратын болса, онда 434-2 - бап қолданылады ("Жалпы пайдалану орындарының ластануы"), - деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары