Алматыда шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген

Алматыда шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген

Алматыда шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген
ашық дереккөзі
50346
Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Р.Байтасовқа үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Антикор мәліметінше, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Байтасов 23 мемлекеттік пәтерді өзінің туыстары мен таныстарына төмен бағаға заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды. Бұл «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау барысында анықталған. Мемлекетке келген залал сомасы 388 млн теңгеден асты. Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары