ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашын жалғасуына байланысты қатты ағын, өзендердегі су деңгейі көтерілуі, су басу жағдайлары күтіледі.
"Сел тасқынына қалып қалған жағдайда құтқаруға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
ТЖД сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек екенін жариялады:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенет сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз.
"Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар", - делінген ТЖД ескертуінде.