Қостанайда 17 жастағы жасөспірім анасына қысым жасап келген

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім анасына қысым жасап келген

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім анасына қысым жасап келген
ашық дереккөзі
50491
17 жастағы жасөспірім ұзақ уақыт бойы отбасылық жанжал шығарып, анасына үнемі психологиялық қысым жасап келген, деп хабарлады turkystan.kz "Astana" арнасына сілтеме жасап. Бұл жағдай рейдтік іс-шара кезінде ювенал полиция қызметкерлерінің назарына түскен. Профилактикалық рейд барысында ювенал полицейлер Елизавета Володина мен Данил Боханов жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша тексереді.
"Пәтерлердің біріне барғанымызда бізге көрші тұратын әйелдің жағдайын айтты. Біз бұл ақпаратты тексергенімізде, 17 жастағы жасөспірім анасына психологиялық қысым жасағаны анықталды. Ол анасымен үнемі жанжалдасып, ойын-сауық, қымбат зат сатып алу үшін ақша талап етеді, несие алуға мәжбүрлейді екен", - деді Володина.
Әйел полицияға жүгінуден қорыққан, өйткені адамдар мұндай жағдайларды көбіне жария еткісі келмейді. Ұлы анасын бірнеше рет күйзеліске түсірген.
"Әйелмен әңгімелесіп, құқықтарын қалай қорғау керек екенін түсіндіріп, жасөспірімге қатысты қорғау ұйғарымын шығардық. Кәмелетке толмаған бала есепке алынды, жағдайға психологтар араласты", - деп түсіндірді Данил Боханов.
Қабылданған шаралар нәтижесінде отбасындағы жағдай қалыпқа келіп, полицейлер бақылауды жалғастырып жатқаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары