Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы мүмкін

Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы мүмкін

Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы мүмкін
ашық дереккөзі
50808
Сауд Арабиясының «Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду христиандық ишара жасағаны үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Араб чемпиондарының клубтық кубогының «Аль-Наср» мен «Аль-Шорта» арасында өткен матчы кезінде Роналду 75-минутта пенальти теуіп, ойындағы жалғыз голды соғады. Гол соққаннан кейін португалдық христиан дініне тән шоқыну ишарасын жасады. Енді ол осы әрекеті үшін жаза арқалап, қамауға алынуы мүмкін. Өйткені Сауд Арабиясында христиан дініне қатысты кез келген қимылға тыйым салынған. Осы дінге байланысты кез келген ишараны көрсету қылмыс ретінде саналады.

Серіктес жаңалықтары