Тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзі
50768
«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz. Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы шамалы төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін құбылады. Еліміздің батысында ауа температурасы түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқиды. Күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады. Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршаққа ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқиды, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С.

Серіктес жаңалықтары