«Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау», - делінген федерацияның Telegram-арнасында.Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылмақ. 2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары: 1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы; 2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы; 3. «Цементник», Шымкент қаласы; 4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы; 5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы.
Елімізде УЕФА-ның қолдауымен футбол стадиондары жаңартылады

Елімізде УЕФА-ның қолдауымен футбол стадиондары жаңартылады
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізіп отыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.