Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайды

Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайды

Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайды
ашық дереккөзі
50359
Мәдениет және спорт министрі «Бірінші басшыларын ҚР Үкіметі лауазымға тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұйрыққа сәйкес, енді мына оқу орындарының басшыларын Үкімет тағайындайды: - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысын; - Қазақ ұлттық өнер университетінің басшысын; - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысын; - Қазақ ұлттық хореография академиясының басшысын. Бұған дейін аталған оқу орындарының ректорлары Президент өкімімен тағайындалатын. Бұйрық 5 тамызда күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары