«Кеңестердің жұмысы өзгеріп, сапаға көшіп жатырмыз» – Эльдар Жұмағазиев

«Кеңестердің жұмысы өзгеріп, сапаға көшіп жатырмыз» – Эльдар Жұмағазиев

«Кеңестердің жұмысы өзгеріп, сапаға көшіп жатырмыз» – Эльдар Жұмағазиев
ашық дереккөзі
50227

«AMANAT» партиясының жанынан экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектордың өңірлердегі мәселелері бойынша кеңес өтті. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан кәсіпкерлер өз сұрақтарын вице-министрлер мен «Атамекен» ҰКП өкіліне қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жиынға Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев, Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев, Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және комитет басшылары қатысты. Сонымен қатар кеңеске қатысушылардың арасында Парламент Мәжілісінің депутаттары Ғалымжан Елеуов, Снежанна Имашева және Қазыбек Әлішев болды.

«Кеңестердің жұмысы өзгеріп, саннан сапаға көшу болып жатыр. Партия аясында мыңнан астам кеңес жұмыс істеді. Қазір олардың саны үш есеге дейін азайды. Кеңестерді нақты мәселе шешетін партияның органына айналдыру жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі жиынға кәсіпкерлер келіп, өз мәселелерін айта алады. Партия жанындағы экономика және кәсіпкерлікті қорғау кеңестері барлық өңірде бар. Оны депутат Екатерина Смышляева басқарады. Өңірлердегі кәсіпкерлерге министрлік өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, жауап алу мүмкіндігі алғаш рет берілгені де айтылды. Атырау облысында осындай отырыс алғаш рет өткізілді. Қатысушылар өз мәселелесін ашық айтып, оған жауап алғанына ризашылықтарын білдірді. Алайда бірден шешілмейтін мәселелер бар. Күзде партияның басшысына ұсыныс береміз. Ол кеңеске Партия төрағасы мен министрлер қатысады. Осындай кеңестерде шешілмеген мәселелерді сол кеңесте қайта көтереміз», - деді «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

 width=

Серіктес жаңалықтары