50300
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.
Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.